Жаңалықтар

«Заң – тәртіп пен әділдіктің негізі» атты дөңгелек үстел

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Нәрікбаев Мақсұт Нәрікбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Заң – тәртіп пен әділдіктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы Нәрікбаев Мақсұттың өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстырып, оның Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы баяндады. Ол заң саласында жасаған реформалары мен әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған еңбектерімен ерекшеленді. Сонымен қатар, оқырмандар үшін арнайы заңға байланысты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне, заңнамаларына, конституциялық реформаларына арналған әдебиеттер, сондай-ақ Мақсұт Нәрікбаевтың ғылыми еңбектері, құқықтық тақырыптағы кітаптары ұсынылды. Бұл көрме қатысушыларға заң саласындағы маңызды ақпараттарды тереңірек біл...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.03.2025

Қазақстанның халық әртісі, режиссер Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» әдеби-әуезді кеші өтті

14 наурыз күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, режиссер Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» атты әдеби-әуезді кеші өтті. Қанабек Байсейітов — әнші-актер, режиссер, драматург, қазақ музыка театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол Қазақ опера және балет театрының алғашқы режисерлерінің бірі ретінде «Абай», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», «Дударай», «Даиси», «Евгений Онегин», «Князь Игорь» операларын сахнаға шығарды. Драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай» комедияларының, «Достық жолымен» балетінің және «Айсұлу», «Алтын таулар» атты опералардың либреттоларын (Қ. Шаңғытбаевпен бірге) жазды. Шара барысы оқырмандарға Қанабек Байсейітовты...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2025

«Адал еңбек - жарқын болашақтың негізі» кездесу кеші өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «Адал еңбек - жарқын болашақтың негізі» атты кездесу кеші өтті. Жұмысшы мамандар – бұл өндірісте, құрылыс саласында, көлік және байланыс салаларында, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету салаларында және тағы басқа көптеген бағыттарда еңбек ететін білікті адамдар. Кездесу кешіне Алматы облысының құрметті азаматы, Ескелді ауданының құрметті азаматы, Нұрмолда Алдабергеновтың шәкірті - Шайбала Тергеуова Әмірисақызы; Көксу ауданының құрметті азаматы - Бердібек Нүсіпов; еңбек,тыл ардагері - Сүгіров Айтмолда құрметті қонақ ретінде қатысты. Шара «ҚР Президентінің Қазақстан халқы жолдауынан» бейнероликпен басталып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты кітап көрмесімен жалғасты. Кеш қонақтары сөз сөйлеп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.03.2025

«ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті. Үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 8 өтінім қабылданып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай ақынның 20 өлеңін жатқа айту берілген болатын. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 3 қатысушы екінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға электронды ұяшықтар көмегімен жауап берді. Байқауға Баймендинова Мадина Сексембаевна - С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директорның орынбасары; Ешенова Ғалия Самигуловна - ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; Жанибекова Аруна Бауыр...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2025

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім оқырмандарына үйге қызмет көрсету жұмыстары

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырмандарға үйге қызмет көрсету жұмыстары жалғасуда. Осы акция шеңберінде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің қызметкерлері 1-топ көз мүгедегі Касейнова Күлшаридың тапсырысы бойынша арнайы брайл қарпінде және аудионұсқада жазылған кітаптарды жеткізді. Оқырманға брайл қарпінде жазылған Тәкен Әлімқұловтың «Тұлпарлар тағдыры», Сәрсенбай Оразбектің «Жиде гүлдегенде» кітаптары, сондай-ақ аудионұсқада Мырзахмет Алмаздың «Ханшайым», Нұрғали Ораздың «Сиқырлы қол», Дархан Бейсенбекұлының «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты шығармалары ұсынылды. Алдағы уақытта да оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды жеткізу қызметі жалғасады. Бұл қызмет ерекше қажеттіліктері бар жандарға әдеби шығармаларды қолжетімді етіп, олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика